Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты бет
Академиялық демалысқа өтініш
Академиялық демалысқа өтініш

Қызмет көрсету мерзімі:
2 жұмыс күн

Кім қызмет алуға жүгіне алады:

Колледжде оқитын жеке тұлғалар.

Қызметті алу үдерісі

1
college.snation.kz порталына өз логиніңіз бен құпия сөзіңіз арқылы кіріңіз
Логин жүйеде тіркелу кезінде сіз тіркелген телефон нөмірі болып табылады.
2
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беріңіз
Өтінішті екі тәсілмен беруге болады - сайттың басты бетінде мемлекеттік қызмет мәзірін таңдау немесе пайдаланушы профилінде тиісті мәзірге өту арқылы.
3
Келесі құжаттарды тіркеңіз
"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығы негізінде

Науқастануы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:

a. Өтініш;
b. Амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.

Туберкулез ауруымен ауырған жағдайда ұзақтығы 36 айдан аспайтын академиялық демалыс беру үшін:
c. Өтініш;
d. Туберкулезге қарсы ұйымның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі.

Бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

e. Өтініш;
f. Туу, бала асырап алу туралы құжаттар (куәлік).

Студенттерге-шақырылушыларға академиялық демалыс беру үшін:

g. Өтініш;
h. Әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазы.
4
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.
5
Тексеруші тараптың шешімін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.

Жиі қойылатын сұрақтар