Қызмет көрсету мерзімі:
Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына даярлау бойынша –
негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 18 тамызына дейін;
жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында;
ақылы негізде-күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында;
оқудың кешкі және сырттай нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша-күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында;
педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша-күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында;
Білікті жұмысшы кадрларды даярлау бойынша-күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 25 тамызына дейін;
оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
Қызметке кім жүгіне алады:
18 жасқа дейінгі талапкерлер заңды өкілдерімен бірге, сондай-ақ 18 және одан жоғары талапкерлер өз бетінше.
Қызметті алу үдерісі
Колледжге талапкерлерді қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
a. Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
b. Білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі және қосымшасы;
c. 3x4 см көлеміндегі фотосурет;
d. 075-У нысанындағы медициналық анықтамалардың электрондық көшірмелеріа(I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін - медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
e. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);
f. Жеңілдік растайтын құжат (жеңілдігі болса).
g. Жеке басын куәландыратын құжаттар.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жүктеуі қажет:
h. Шетелдік - ҚР-да шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
i. Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ ада;
j. Босқын-босқын куәлігі;
k. Пана іздеген тұлға - пана іздеген адамның куәлігі;
l. Оралман - оралман куәлігі.